Previous Page  55 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 80 Next Page
Page Background

мұсылманның мүлкін қолды еткен адамды ауыр жаза

күтеді. Бұл жөнінде:

من حلف على مال امرئ مسلم بغير حقّ لقي الله و هو عليه

غضبان

«Кімде-кім мұсылманның мал-дүниесін өзімдікі деп

жалған ант беріп тартып алса, Алла тағала онымен ашулы

күйде кездеседі», – деген пайғамбар ескертуі бар

97

.

Мұсылманға жасалған зәредей зұлымдықтың есесін

қиямет күні Алла тағала жәбірленушіге қайтарып бе-

ретіндігі жайлы мына хадисте баяндалады. Әбу Һурайра

(р.а.) риуаятында:

أتدرون ما المفلس؟ قالوا: المفلس فينا مَنْ لا درهمَ له ولا متاعَ.

فقال: إنّ المفلس من أمّتي من يأتي يوم القيامة بصلاة و صيام

و زكاة, و يأتي وقد شتم هذا, و قذف هذا, و أكل مال هذا,

و سفك دم هذا و ضرب هذا. فيُعطَى هذا من حسناته, و هذا

من حسناته, فإن فنيتْ حسناته قبل أنْ يُقضى ما عليه أُخِذ من

خطاياهم فطُرِحتْ عليه, ثمّ طُرِح في النار.

«Пайғамбарымыз

: «Шығынға ұшыраған кім екенін

білесіңдер ме?» – деді. Сахабалар: «Біздіңше ешбір заты

жоқ, дирһамы жоқ адам шығынға ұшыраушы», – деді.

Пайғамбар

: «Менің үмбетімнен шығынға ұшыраушы

қиямет күніне намаз, ораза және зекетімен барған, алай-

да сонымен бірге біреуді сөккен, біреудің ар-намысы-

на тиген, біреудің мал-дүниесін жеген, біреудің қанын

төккен, біреуді соққыға жыққан адам. Сосын (есесін

97

Мүслим.

55

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР