Ж
етінші
өсиет
:
Мұсылман ақысы
Ә
бу Бәкра (р.а.) қоштасу қажылығында Мина
жазығында құрбандық күні пайғамбарымыздың
айтқан уағызы жайлы мынаны риуаят етеді. Пайғамбар
: «Бұл қай күн?» – деп сұрады. Біз бұл күнді басқаша
атайды ма екен деген оймен үндемедік. Пайғамбар
:
«Бүгін құрбан күні емес пе?» – деді. Біз: «Иә, солай», –
дедік. Сосын: «Бұл қай ай?» – деп сұрады. Біз бұл айды
басқаша атаумен атайтын болар деп үндемедік. Сонда:
«Бұл Зул-хижжа, қажылық айы емес пе?» – деді. Біз: «Иә,
солай», – дедік. Сосын: «Бұл қай қала? Бұл Мекке қаласы
емес пе?», – деді. Біз: «Иә, солай», – дедік. Сонда:
فإنّ دماءكم و أموالكم و أعراضكم بينكم حرامٌ كحرمة يومكم
هذا في شهركم هذا في بلدكم هذا.
«Расында, сендердің қандарың, мал-дүниелерің
және ар-намыстарың бір-біріңе осы қасиетті қалада, осы
51