Previous Page  52 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 52 / 80 Next Page
Page Background

қасиетті айда, осы қасиетті күндей қастерлі (қол сұғуға

тыйым етіледі)», – деді

85

.

Жарир ибн Абдулла (р.а.) қоштасу қажылығы жайлы

риуаятта пайғамбарымыздың

لا ترجعوا بعدي كفارًا يضرب بعضكم رقاب بعض

«Бір-біріңнің мойнына қылыш ұратын күпірлікке

қайтпаңдар», – деген сөзін жеткізген

86

.

Өсиеттен өнеге

Абдулла ибн Омар (р.а.) Қағбаға қарап тұрып: «Сен

қандай ұлықсың, қадірің қандай биік. Бірақ Алла тағала

құзырында мұсылман қадірі сенен ұлық», – деген

87

.

Исламдағы мұсылмандар бауырластығы – ең күшті және

ең берік байланыс. Алла тағала Құранда:ٌ

إِنّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَة

«Шын мәнінде мүміндер бауыр...»

88

жәнеٍ

وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْض

«Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер бір-бірі-

не көмекші...»

89

, – деп мұсылмандардың өзара

бауырластығын сипаттаған.

Ислам шариғаты мейлінше діни бауырластықты

нығайтады. Ал осы имани қарым-қатынастарға зи-

яны тиетін кез келген себепті түп-тамырымен жоя-

85

Бұхари мен Мүслим.

86

Бұхари мен Мүслим.

87

Тирмизи.

88

«Хужурат» сүресі, 10-аят.

89

«Тәуба» сүресі, 71-аят.

52

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР