Previous Page  54 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 80 Next Page
Page Background

المسلم من سلم المسلمون من لسانه و يده

«Мұсылман – басқа мұсылмандар оның тілі мен

қолынан аман болған адам», – деген хадис бар

93

.

Мұсылманның ар-намысы ардақты. Оның өмірі

қаншалықты қадірлі болса, ар-намысы да соншалықты

жоғары қадірленеді. Құран кәрімде:

وَالّذِينَ يُؤْذُونَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ بِغَيْرِ مَا اكْتَسَبُوا فَقَدِ احْتَمَلُوا

بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا

«Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз

кейіткендер, әрине олар жала жауып, ашық күнә

жүктеп алды»

94

, – деп әмір етілген.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етеді: «Алла елшісі

мінберге шығып даусын көтеріп: «Уа, тілімен иман

етіп, жүрегіне иман кірмеген халайық! Мұсылмандарды

ғайбаттамаңдар, олардың әлсіз тұсын іздемеңдер. Кімде-

кім мұсылманның әлсіз жағын іздесе, Алла тағала оның

әлсіз жағын іздейді. Ал, Алла тағала әлсіз тұсын іздеген

адамды үйінің ішінде отырса да масқара етеді», – деді»

95

.

Мұсылманның мал-дүниесіне қол сұғу үлкен күнә.

Пайғамбарымыз

:

لا يحلّ مال امرئ مسلم إلاّ بطيب نفس منه

«Мұсылман адамның мал-дүниесін тек өзі берсе ғана

алуға рұқсат», – деп айтқан

96

. Ал, түрлі айла-тәсілмен

93

Муттафақун алейһи.

94

«Ахзаб» сүресі, 58-аят.

95

Ибн Хиббан, Ахмед, Әбу Дәуіт, Тирмизи.

96

Ахмед.

54

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР