Previous Page  49 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 80 Next Page
Page Background

тағаланың әмірін орындауы және ешбір сынаушының

сөзінен тайсалмауы тиіс.

Мына бір хадисте:

على المرء المسلم السمع والطاعة فيما أحبّ و كره, إلاّ أنْ يؤمر

بمعصية, فإذا أُمِر بمعصية فلا سمع و لا طاعة.

«Мұсылман кісі күнә болмаған барлық істе өзі ұнатқан

және ұнатпаған бұйрықты тыңдауға және бойұсынуға

міндет. Егер мұсылман кісі күнәға әмір етілсе, онда бас-

шыны тыңдамайды және бағынбайды», – делінеді.

Осы тақырыпта айтылған хадистердің мазмұнында

көптеген адамның көзінен таса тұрған, ә дегенде байқала

қоймайтын нәзік тұсы бар. Ол «күнә амалға бойұсынбау»

деген сөз, басшыға қарсы көтеріліс жасау деген емес. Бұл

тек қана басшы бұйырған күнә істен аулақ болу дегенді

білдіреді. Бұған ұлық ғұлама Ахмед ибн Ханбалдың (р.а.)

басынан өткен сынақ айқын дәлел. Мұғтасым және Уасиқ

халифалар ғұлама Ахмедті: «Құранның (Алла тағала

сипаты емес) жаратылғанын мойында», – деп қинайды.

Бұл ақиқатқа жанаспағандықтан және үлкен күнә

болғандықтан, имам Ахмед бұлай айтудан бас тартады.

Алайда, халифаларға қарсы көтеріліс ұйымдастыру не-

месе басқа бұйрықтарына қарсы келу әрекеттерінен аулақ

болды.

Басшыға қарсы көтерілу

Имам Әбу Жағфар әт-Тахауи: «Басшыларымыз

және әмірлеріміз әділетсіздік жасаса да, оларға қарсы

көтерілуді жөн санамаймыз. Жұртты оларға қарсы

үндемейміз. Оларға бойұсынудан бас тартпаймыз.

Басшыға бойұсынуды, олар күнәға әмір етпесе, Алла

49

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР