Previous Page  46 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 80 Next Page
Page Background

Қази Әбу Бәкір бин Араби әл-Мәлики «Әмір иелері-

не...» деген сөз жайлы: «Олар – дүние басшылары мен дін

ғұламалары», – деген.

Фахр ар-Рази осы аяттың тәпсірінде: «Білгенің жөн!

Алла тағала басшылар мен әмірлерге халыққа әділ болу-

ды әмір еткендей, халыққа да басшыға бағынуды әмір ет-

кен. Сондықтан Әли ибн Әбу Талиб (р.а.): «Басшыға Алла

тағала түсірген заңмен төрелік ету және аманатын орын-

дау міндет. Егер басшы осы міндетін орындаса, халыққа

оны тыңдап бағыну міндет», – деген.

Алла елшісінің

мұсылмандарға өз басшысына

бағыну жайлы айтқан насихаттарына құлақ түрейік. Әнас

ибн Мәлик (р.а.) риуаятында:

إسمعوا وأطيعوا وإنْ تأمر عليكم عبد حبشيّ كأن رأسه زبيبة.

«Тіпті, сендерге басы қап-қара мейіздей хабаш

құлы басшы етіп бекітілсе де, оған құлақ асыңдар және

бағыныңдар», – деп бұйырған

80

.

Тағы бір хадисте:

مَنْ أطاعني فقد أطاع الله و مَنْ عصاني فقد عصى اللهَ, و من

يطع الميرَ فقد أطاعني و من يعصِ الميرَ فقد عصاني.

«Кімде-кім маған бойұсынса, Алла тағалаға

бойұсынғаны. Ал, кім маған қарсы шықса, Аллаға қарсы

шыққаны. Кімде-кім басшысына бойұсынса, маған

бойұсынғаны. Ал, кім басшысына қарсы шықса, маған

қарсы шыққаны», – деп айтылады.

Алла елшісі

Әбу Һурайраға (р.а.):

عليك السمع والطاعة في عسرك و يسرك و منشطك و مكرهك

80

Бұхари.

46

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР