Ал, Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте:
لا يُبغِض النصار رجل يؤمن بالله و اليوم الخر
«Алла тағалаға және ақырет күніне иман еткен адам
ансарларды жек көрмейді»
70
, – делінген.
Ансар сахабалардың ақысы
1. Ансар сахабаларды құрметтеу және мақтау
арқылы оларға деген сүйіспеншілікті көрсету. Ансар са-
хабаларды жақсы көру Алла тағаланы, Оның елшісін
және асыл дінімізді жақсы көрудің нышаны. Өйткені,
пайғамбарымыз
: «Иманның белгісі – ансарларды
жақсы көру, ал екіжүзділік белгісі – ансарларды жек
көру», – деген
71
. Ансар сахабалардың иман еткен күннен
бастап Алла жолында пайғамбар
жанында жүріп еткен
қызметтерін білген жан, әлбетте, оларды жақсы көреді.
Міне, мұсылманның жүрегіндегі ансар сахабаларға деген
сүйіспеншілік – иманының белгісі. Ибн Хазм: «Сондай-
ақ, ансар сахабаларға деген сүйспеншілік, барлық ансар-
ды қамтиды және олардан басқа ешкімге өтпейді. Соны-
мен қатар, бұл сүйіспеншілік бір ансарды екіншісінен кем
жақсы көрмейтін сүйспеншілік», – деген
72
.
2. Ансар сахабаларды жек көру деген жамандықтан
аулақ болу. Ғұламалардың бірі мұндайды үлкен күнәлар
қатарына жатқызған. Ибн Хажар әл-Һайтами бұл жөнінде
«Зауажир» кітабының «Ансар сахабаларды жек көру
70
Муслим.
71
Бұхари, Муслим.
72
Ибн Хазм, Ихкам.
41
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР