шісі! Сізге қалай жауап қайырамыз? Алла және елшісі ең
жақсы және міндет етуге ең лайықты», – деді. Пайғамбар
: «Егер қалсаңдар, айтар едіңдер. Айтқандарыңды мен
растар едім. Сөздерің де шындық болар еді. Сендер «Елің
сені жалғаншы деп келгенде, біз сені растадық, жеңіліп
келген едің, біз жәрдемші болдық, қуылып келдің, біз
пана болдық, үй-жайыңды тастап келгенде, жұбатушы
болдық», – демейсіңдер ме?
Уа, ансар қауымы! Сендер қызыққан дүние жүректері
дінге әлі байлана қоймаған адамдарға берілді. Ал,
сендердің жүректеріңде иман бар. Уа, ансар қауымы!
Адамдар қой мен түйе алып қайтса, сендер сыбаға
ретінде Алла елшісімен
қайтуды қаламайсыңдар ма?
Мұхаммедтің жанын уысында ұстаған құдіретпен ант
етейін! Қоныс аудару болмағанда мен ансарлардың бірі
болар едім. Адамдар бір жолмен, ал ансарлар басқа жол-
мен жүрсе, мен ансарлардың жолымен жүрген болар ем.
Алла тағалам! Ансарларға, олардың балаларына және
балаларының балаларына мейірімділік ет», – деді.
Ансарлар жылап, көңілдегі барлық ойларынан таза-
рып: «Алла елшісін
олжа және үлес ретінде алуға дән
разымыз», – деді»
67
.
Жоғарыдағы аятта ансар сахабалардың бес қасиеті
баяндалған:
1. Жүректеріне иманды бек орнықтырулары;
2. Өздеріне қоныс аударып келгендерді жақсы көру.
Әдетте, адамдар жат жерліктерді жақтырмайды, ал
ансарлар табиғатында мұндай теріс әдет атымен
болмады;
67
Ахмед, Мүснәд.
39
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР