Previous Page  38 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 80 Next Page
Page Background

«Бұрыннан Мәдинаға қоныстанған иман ие-

леріне де (беріледі). Олар өздеріне босып келгендерді

жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде

кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ, өздерінде таршылық

бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Әлде

біреу сараңдықтан бойын аулақ ұстаса, солар

құтылушылар»

, – деп мақтайды

66

.

Ансарлар бұл мәртебеге қалай жетті?

Ансар – жәрдемшілер деген мағынаны білдіреді. Ан-

сарлар – бір атадан туған Аус пен Хазраж руының адамда-

ры. Оларға бұл атты пайғамбарымыз

берген. Кейіннен

жұрт ансар деп мәдиналық сахабалармен қоса олардың

бала-шағасы мен құлдарын да атап кеткен көрінеді.

Мына хадиске назар аударыңыз. Әбу Сағид әл-Худари

(р.а.) әңгімелейді: «Алла елшісі

құрайыш және басқа

араб руларына сый-сияпаттар таратады. Ал, ансарларға

ешбір үлес тимейді». Бұл жайт ансарлардың көңіліне тиіп,

араларында сөз көбейді...

Сонда Алла елшісі

Алла тағалаға лайықты етіп

мақтау айтқан соң: «Уа, ансар қауымы! Сендерден маған

жеткенне сөз?Сендердің араларыңдамағандегенбірреніш

бар ма? Мен келгенде сендер адасуда едіңдер, тура жолға

салмадым ба? Кедей едіңдер, Алла сендерді бай етпеді

ме? Бір-біріңе жау едіңдер, Алла тағала жүректеріңді бір-

біріңе байламады ма?» – деді. Ансарлар: «Иә, Алла және

Оның елшісі, ең жақсы және міндет етуге ең лайықты», –

деп жауап берді. Пайғамбар

: «Ей, ансар қауымы! Маған

жауап қайырмайсыңдар ма?» – деді. Олар: «Уа, Алла ел-

66

«Хашр» сүресі, 9-аят.

38

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР