Previous Page  37 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 80 Next Page
Page Background

Олардың жақсыларына қошемет, ал жамандарына кешірім

етіңдер», – деді

64

.

Ибн Аббас (р.а.) былай деп риуаят етеді: «Алла ел-

шісі

иығына жамылғы жауып, басына таңғыш байлап

жұрттың алдына шықты. Ол мінберге көтеріліп, Алла

тағалаға мақтау айтып:

فإنّ الناس يكثرون و تقلّ النصار حتى يكونوا كالملح في

الطعام, فمن ولي منكم أمرًا يضرّ فيه أحدًا أو ينفعه فليقبلْ من

محسنهم و يتجاوزْ عن مسيئهم.

«Уа, жарандар! Шындығында адамдар көбеюде, ал

ансарлар азайып барады. Олар тамақ ішіндегі тұздай.

Сендердің қайсы бірің билік тізгінін қолына алса, біреуге

зияны, біреуге пайдасы тиеді. Ансарлардың жақсысына

қошемет, жаманына кешірім жасаңдар», – деді

65

.

Өсиеттен өнеге

(сахабалар жайлы)

Бұлар діннің, шариғаттың жаршысы,

Тартқызды азап кәпір, дінсіз қылығы.

Жүсіп Баласағұни

Ансар сахабаларды (р.а.) Алла тағала:

وَالّذِينَ تَبَوّءُوا الدّارَ وَالِْيمَانَ مِنْ قَبْلِهِمْ يُحِبّونَ مَنْ هَاجَرَ إِلَيْهِمْ

َوَالَ يَجِدُونَ فِي صُدُورِهِمْ حَاجَةً مِمّا أُوتُوا وَيُؤْثِرُونَ عَلَى أَنْفُسِهِمْ

وَلَوْ كَانَ بِهِمْ خَصَاصَةٌ وَمَنْ يُوقَ شُحّ نَفْسِهِ فَأُولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُون

64

Бұхари, Мүслим.

65

Бұхари.

37

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР