Previous Page  32 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 80 Next Page
Page Background

Аят тікелей пайғамбар жұбайларына байланысты

айтылған. Алайда, пайғамбар отбасы деп тек өзінің

шаңырағы ғана емес, жоғарыда айтылған садақа алуға

тыйым салынған үлкен әулет жатады.

Әбу Һурайра (р.а.) риуаятында: «Әлидің баласы Ха-

сан садақа деп әкелінген құрмалардың бірін алып аузына

салып жіберді. Сонда Пайғамбарымыз

аузынан алып

тастау үшін: «Сен білмейсің бе, біз садақа жемейміз», –

деді. Мүслим риуаятында: «Расында бізге садақа жеу ха-

лал емес», – деп айтылған».

Пайғамбар отбасының фазилеті

55

Пайғамбарымыз

немере інісі Әли ибн Әбу Талибке

(р.а.):

أنت منّي و أنا منك

«Сен мененсің, ал мен сененмін», – деп, Әлидің

өзіне ең жақын туысы екенін және ұрпағы Әли арқылы

жалғасатындығын айтқан.

Ал, қызы Фатиманың баласы Хасан ибн Әли жайлы:

إنّ ابني هذا سيّدٌ و لعلّ اللهَ أن يُصلِحَ به بين فئتين من المسلمين

«Расында менің мына балам мырза. Осы (баламның

қолымен) Алла тағала мұсылмандардың екі тобын бітім-

ге әкелер»

56

, – деп болашақта пайғамбар

жиені Ха-

сан ел арасында бейбітшілік орнатуда маңызды шешім

қабылдайтындығын айтып кеткен.

Усама ибн Зайд риуаяты: «Пайғамбар мені және Ха-

санды алып:

55

Фазилет – жақсы қырынан артықшылығы

56

Бұхари, фадаил сахаба, фадаил хасан уа хусайн, 3746.

32

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР