Previous Page  29 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 80 Next Page
Page Background

(р.а.) қолға алған еді. Осылайша Алла тағала ұлық сахаба-

лар қолымен Құранды сақтады.

Құраннан алдыңғы иләһи кітаптардың бірі жоғалып

кетсе, бірі өзгертілгені құпия емес. Құран иләһи

кітаптардың ішінде Мұхаммедке

Жәбірейіл (ғ.с.) пе-

ріште түсірген сәттен күні бүгінге дейін қаз-қалпында

сақталған жалғыз дара әрі бірегей кітап.

Ал, сүннетті ғұламалар қағаз бетіне түсірумен және

күнделікті өмірінің мәніне айналдырумен сақтаған. Са-

хабалар пайғамбарымыздың

әрбір сөзі мен қимыл-

әрекетін сақтаушы ең алғашқы буын. Осы ілімді сахаба-

лардан үйреніп, сүннетке ешбір жаңашылдық еніп кетпе-

уін қадағалаушы буын табиғиндер. Осы ұлық ғұламалар

сүннетті саралап, сұрыптап, өн бойын кірме әрекеттерден

тазартып, біздің күнге жеткізген.

Сүннет жолында ғұламалардың еңбегі ұшан-теңіз.

Оның қыр-сырын тек осы саланы игерген мамандар ғана

жете түсінеді.

Мұсылман үмбетінің сенімі мен амалының іргесі

Құран мен сүннет сонау дәуірден біздің заманымызға бір

әрібі өзгертілмей жеткені даусыз. Басқа ешбір дін өкілі өз

кітабымен осылайша мақтана алмайды. Пайғамбарының

(ғ.с.) ғибратты ғұмыры толық сақталған, әрбір сөзі мен

амалы қорғалған жалғыз дін Ислам.

29

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР