«Әй, мүміндер! Аллаға бойұсынып, Пайғамбарға
әрі өздеріңнен болған басшыларға бағыныңдар. Сонда
егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға
ұсыныңдар. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне иман
келтірген болсаңдар. Міне осы хайырлы әрі нәтижеде
жақсы»
39
.
وَمَا يَنْطِقُ عَنِ الْهَوَى. إِنْ هُوَ إِالّ وَحْيٌ يُوحَى
«Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне
салынған уахи ғана»
40
.
Алла тағаланың сөзі мен пайғамбарымыздың
сүннеті – Ислам дінінің қайнар көзі. Сенім және шариғатқа
амал етуде Құран мен сүннетке берік адам еш адаспайды.
«Файз Қадир» кітабында Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен
мына хадис келеді:
تركتُ فيكم شيئين لنْ تضلّوا بعدهما كتاب الله و سنتي و لنْ
يتفرقا حتى يردا عليّ الحوض
«Сендерге екі дүние қалдырып барам. Бұл еке-
уімен ешуақытта адаспайсыздар, ол: Құран және менің
сүннетім. Менің хауызыма келгенге дейін екеуінің ара-
сын еш ажыратпаңдар». Хадистің түсіндірмесінде: «Бұл
екеуі (Құран және сүннет) ешбір ауытқымайды, ол еке-
уінсіз тура жол табу мүмкін емес. Бұл екеуіне берік бо-
лып жармасқан жан амандық пен құтылуда. Бұлар ақ пен
қараны ажыратып беруші, ақиқатты іздеушіге пайдасына,
ал бұзықтық жасаушының зиянына айқын дәлел. Әрбір
сұрақтың шешімінде Құран мен хадиске оралу діннің та-
лабы», – дейді.
39
«Ниса» сүресі, 59-аят.
40
«Нәжім» сүресі, 3-4 аяттар.
24
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР