Алла тағаладан қорқу (жалбарыну) – құлшылықтың
асыл негізі. Осы амалмен намаз нәтиже бере бастайды.
Алладан қорқу – көркем мінез бен тақуалықты бойға да-
рып, ерсі де жағымсыз қылықтардан арылтатын амал.
Намаздың сауабы адам бойындағы Алла тағаладан
қорқуға сай беріледі.
Дінімізден ең әуелі жоғалатын дүние қорқу (хушуғ)
деп айтылған екен. Әбу Дарда (р.а.) былай деп риуаят етеді:
«Бұл үмбет бойынан ең әуелі көтерілетін (жоғалатын)
нәрсе – қорқу. Тіпті, олардың арасынан бірде-бір Алладан
(шынайы) қорқатын адамды көрмейсің»
34
.
Құтқарушы құлшылық
Убадат ибн Самиттан (р.а.): «Мен Алла елшісінің
:
«Алла тағала парыз еткен бес уақыт намаз бар. Кімде-кім
намазға жақсылап дәрет алып, намазын өз уақытында
рукуғтарын кемел етіп, жан-дүниесімен толықтай беріліп
оқыса, оның күнәсін кешіруді Алла тағала уәде етеді. Ал,
кімде-кім намаз оқымаса, ол кісіге Алла тағаланың бер-
ген уәдесі жоқ. Қаласа ол пендені кешіреді, қаласа азапқа
салады», – деген риуаят бар
35
.
34
Һайтами, Мажма-уз Зауаид.
35
Фиқһ Ханафи, І том, 124-бет (Әбу Дәуіт 1/115).
21
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР