«Намаз – діннің тірегі. Кімде-кім оны орындаса,
дінін көтеріп аяғына тұрғызғаны, ал кім оны тәрк етсе,
дінін бұзып жыққаны», – деген. Расында киіз үйді құрмас
бұрын оның шаңырағын уықпен тіреп мықтап ұстап тұру
қажет емес пе? Намаз да Ислам шаңырағын ұстап тұрушы
уық іспетті.
Шын мәнінде, тым аз уақыт жұмсап дүниеуи әрі
ақыреттік өте мол пайда табуға болатын амал – на-
маз. Бірақ, кейбір адамдарға намазға бару жолы биік
тауға шығудан да қиын көрінеді. Өйткені, оларға аспан-
мен тайталасқан таудан да биік өз нәпсілерін жеңуі ке-
рек болады. Олардың маңдайын сәждеге жеткізбейтін
уақыттың жоқтығы, шаруаның көптігі, жас «әлі жаспын»
деп, қарт «енді шамам келмейді» деп жататын сан-қилы
сылтаулар. Тіпті, «намаз оқитындай күнәм жоқ», «мен
намаз оқымасам да жаным таза» дейтін сөздерді де ай-
тады. Жүрегі таза, көңілін кір шалмаған мұсылман на-
маз оқымасын деген шариғат жоқ. Керісінше, ниеті түзу
адам ең бірінші боп сәждеге бас қояды. Өйткені, мына
жалғанда Мұхаммед
пайғамбардан жүрегі таза пен-
де жоқ. Ал, ардақты пайғамбар
соңғы демі қалғанша
намазын қаза етпеген. Себебі, намаз – Жаратушысына
құштар жанның саясы, ықыласты пенденің жан рахаты,
тақуа мұсылманның тірегі. Алла тағала Құранда:
وَاسْتَعِينُوا بِالصّبْرِ وَالصّالَةِ وَإِنّهَا لَكَبِيرَةٌ إِالّ عَلَى الْخَاشِعِين
«Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында
намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді»
26
, – деп
әмір етеді.
26
«Бақара» сүресі, 45-аят.
16
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР