Е
кінші
өсиет
:
Намазға берік болыңдар!
Ү
мму Сәләма және Әнастан (р.а.) жеткен риуаятта
Алла елшісінің
ең соңғы өсиеті:
الصلاة الصلاة, اتقوا الله فيما ملكت أيمانكم
«Намазға берік болыңдар, намазға берік болыңдар
және қол астыларыңдағы адамдар ақысында (қиянат жа-
саудан, зұлымдық етуден) Алла тағаладан қорқыңдар»
23
,
– деген сөзі болды.
Әбу Умамат әл-Баһили (р.а.): «Мен Алла елшісімен
бірге қоштасу қажылығын жасадым. Ол кісі Алла
тағалаға мақтау айтқан соң: «Мүмкін сендер осы жылдан
кейін мені қайта көрмессіңдер, Мүмкін сендер осы жыл-
дан кейін мені қайта көрмессіңдер, Мүмкін сендер осы
жылдан кейін мені қайта көрмессіңдер», – деді. Шануақа
руының жігіттері секілді ұзын бойлы бір кісі тұрып:
23
Ахмед, Мүснәд. Хаким және Ибн Хиббан.
14