Previous Page  15 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 80 Next Page
Page Background

«Уа, Расулалла! Біз не істеуіміз керек?» – деп сұрады.

Пайғамбарымыз

:

ّاعبدوا ربّكم و صلّوا خمسكم, و صوموا شهركم, و أطيعوا ذا

أمركم تدخلوا جنة ربّكم عزّ و جل

«Раббыларыңа құлшылық етіңдер, бес уақыт

намаздарыңды оқыңдар, рамазан айы оразасын ұстаңдар,

басшыларыңа бойұсыныңдар, сонда Раббыларыңның

жәннатына кіресіңдер», – деді

24

.

Өсиеттен өнеге

Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытты бес намаз,

Біреуі қаза қалмасқа.

Бұқар жырау

Намаз – діннің тірегі. Иманнан кейінгі Исламның

екінші негізі – намаз. Дініміздегі жалпы құлшылық

атаулының ең ұлығы және ең айқын рәмізінің бірі. Имам

Сарахси әл-Ханафи: «Намаз – Алла тағалаға иман кел-

тіргеннен кейінгі негіздердің ең мықтысы, Алла тағала

Құранда:

فإنْ تابوا و أقاموا الصلاة

«Ал, егер тәубе етіп, намаз оқыса»

25

деген», – дейді.

Алла елшісі

:

الصلاة عماد الدين، من أقامها فقد أقام الدين، ومن تركها فقد

هدم الدين

24

Ахмед, Тирмизи, Хаким, Ибн Хиббан.

25

«Тәубе» сүресі, 11-аят.

15

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР