Previous Page  10 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 80 Next Page
Page Background

Олар қиямет күні Алла құзырындағы ең жаман пенде-

лер», – деген болатын

14

.

Алла тағалаға серік қосуға алып баратын ең үлкен

себеп – діндар тақуа да ізгі адамдар жайлы хикаяларды

тым асыра-сілтеп жіберу. Әсіресе, ақиқат пен аңыз арасын

ажыратпай, оларға деген сүйіспеншілік адамның көзін

тұмшалап, асыл діннің шеңберінен шығуға итермелейді.

Бұл жөнінде «Нұх» сүресінде:

وَقَالُوا الَ تَذَرُنّ آَلِهَتَكُمْ وَالَ تَذَرُنّ وَدّا وَالَ سُوَاعًا وَالَ يَغُوثَ

وَيَعُوقَ وَنَسْرًا

«Және олар: тәңірлеріңді тастамаңдар: Уад, Суағ,

Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар (бұлар

пұттардың аты) деседі»

15

, – деп айтылған.

Ибн Аббас (р.а.): «Шын мәнінде Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ

және Насыр – бұлар Нұх қауымының ішінен шыққан

ізгілердің есімдері. Олар қайтыс болған кезде шайтан

елдің көңіліне марқұм ізгілер отырған орынға олардың

тас мүсінін орнатып, (тас мүсіндерге) аттарын беру ойын

салады. Жұрт дәл солай етті. Бірақ, олар тас мүсіндерге

құлшылық жасаған жоқ. Алайда, көзін көргендер қайтыс

болып, тас мүсіндер жайлы ел арасында дерек жойылған

соң, кейінгі ұрпақ құлшылық ете бастады», – дейді

16

.

Осы секілді Құранда араб мүшріктері

17

құлшылық ет-

кен Лат есімді пұт аталады. Әсілі, Лат – ізгі пенде болған.

Ол қажылыққа келген адамдарға арпа-бидайды талқандап

ас тарататын ізгі жан екен. Лат қайтыс болғанда жұрт оны

14

Бұхари, Мүслим.

15

«Нұх» сүресі, 23-аят.

16

Бұхари

17

Мүшрік – Алла тағалаға серік қосушы.

10

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР