сын құмарлықтың бірі бойын билеп оразасын доғара са-
лады», – деді
19
.
Жүрегіміздегі
таухид
тұнығы
бүлінбесін.
Жаратқанның ең ұлық әмірі – тек Өзіне ғана иман етіп,
Өзіне ғана құлшылық ету. Біз намаздың әр рәкағатында
«Өзіңе ғана құлшылық қыламыз, әрі Өзіңнен ғана
жәрдем тілейміз»
20
, – деп жалбарынуымыздың, сондай-
ақ: «Алла тағаладан басқа тәңір жоқ, Ол Жалғыз, серігі
жоқ, барлық мүлік (иелік) Алла тағаланыкі, барлық мақтау
Аллаға тән. Тірілтуші және өлтіруші Алла. Ол Мәңгі», –
деп намаздан кейін айтуымыздың сыры да осында жатыр.
Жәннатқа жетелер сара жол – жалғыз Алла тағалаға
құлшылық ету жолы. Таухидтен басқа жол адастырады.
Абу Әйюб әл-Ансариден (р.а) жеткен хадисте бір кісі:
«Уа, Алла елшісі! Маған жәннатқа жетелейтін амалды
айтыңызшы», – дейді. Сонда ардақты пайғамбарымыз
:
تعبد الله لا تشرك به شيئا وتقيم الصلاة وتؤتي الزكاة وتصل
الرحم
«Алла тағалаға ешнәрсені серiк қоспастан құлшылық
ет, намаз оқып зекет бер және туыстық катынасты үзбе»,
– деген екен
21
.
Жалпы, қазақ халқы хақ Ислам дінін бұзбай ұстап
келген. Қандай зұлмат заманды басынан өткерсе де, діннің
отын өшірмей, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп отырған.
Тіпті кешегі жаппай құдайсыздық белең алып, діндар
тұрмақ, өз отбасының өміріне де қауіп төнген дәуірдің
өзінде Мұқағалидің әлемге бар дауысымен:
19
Мұхтасар тафсир Ибн Касир, ІІ-том, «Каһф» сүресі, 110-аят, 540-бет.
20
«Фатиха»сүресі, 5-аят.
21
Бұхари, Мүслим.
12
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР