Previous Page  11 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 80 Next Page
Page Background

ардақтап қабіріне барып, түнейтін әдетті шығарды. Жүре

келе, адамдар марқұмның қабір басында құлшылық ете

бастады.

Құран кәрімдегі:

أ فرأيتم اللت و العزى.

«Лат пен Ұззаны көрдіңдер ме?»

18

, – деген аяттың

тәпсірінде Ибн Аббас (р.а.): «Лат қажыларға арпа-би-

дайды талқандап беруші еді», – деп айтылған. Лат сөзі –

талқан жасаушы деген мағынаны білдіреді.

Біздің де еліміздің түкпір-түкпірінде әулие және

тақуа жандардың кесенесі бар. Олардың ғұмыры ұрпаққа

өнеге һәм ғибрат. Ал, сол ғұламалардан қалған діни мұра

ұлтымыздың рухани қазынасы. Бақилық болған діндарлар

бейітіне барып дұға бағыштау мұсылмандық іс. Ал, сол

қабір басын құлшылық орнына айналдыру мүшріктерге

тән әдет. Алла тағала одан сақтасын.

Құлшылықта көзбояушылық көрсету – серік қосудың

бір түрі. Ғибадатты Алла тағала разылығы үшін жасау

парыз. Біреуге жақсы көріну үшін жасау көзбаяушылық.

Бірде Шаддад ибн Аус (р.а.) көзіне жас алады. Сонда

жанындағылар: «Сізді жылатқан не?», – деп сұрайды.

Ол: «Алла елшісінен

естіген жайтқа жылап отыр-

мын. Ол кісі: «Мен үмбетіме серік қосу және жасырын

құмарлықтан қауіптенемін», – деді. Мен: «Уа, Алла ел-

шісі! Үмбетіңіз сізден кейін (Алла тағалаға) серік қосады

ма?» – деп сұрадым. Ол: «Иә, алайда олар күнге, айға,

тас пен бұтқа құлшылық етпейді, ол амалдарын рия етіп

(біреуге көрсету үшін) жасайды. Ал, жасырын құмарлық

болса, олардың бірі таңертең күнін оразамен бастап, со-

18

«Нәжім» сүресі, 19-аят.

11

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР