Previous Page  9 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 80 Next Page
Page Background

«Аллатағалаөзінеортаққосылудыжарылқамайды

да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды...»

11

, – дейді.

Жаратқанға жалбарынбай өзі секілді жаратылғаннан

жарылқау іздеу – нағыз зұлымдық. Өз қара басына

жасалған қиянат. Тәңірге тәубе етіп, иманын тураламаса,

кешірілмес күнә. Әнас ибн Малик (р.а.) риуаят еткен ха-

дисте: «Зұлымдық – үшеу, олар: Алла тағала кешірмейтін

зұлымдық, Алла тағала кешіретін зұлымдық және Алла

тағала жай қалдырмайтын зұлымдық. Алла тағала кешір-

мейтін зұлымдық – серік қосу. Алла тағала кешіретін

зұлымдық – пенденің өз-өзіне жасаған зұлымдығы. Алла

тағала жай қалдырмайтын зұлымдық адамдардың бір-

біріндегі хақысы», – делінген

12

.

Құдіреті күшті Алла тағала Құранда:

َوَلَقَدْ أُوحِيَ إِلَيْكَ وَإِلَى الّذِينَ مِنْ قَبْلِكَ لَئِنْ أَشْرَكْتَ لَيَحْبَطَنّ

عَمَلُكَ وَلَتَكُونَنّ مِنَ الْخَاسِرِين

«Расында, саған да, сенен бұрынғыларға да: «Егер

Аллаға ортақ қоссаң, әлбетте амалың жойылып,

анық зиянға ұшыраушылардан боласың», – деп уахи

етілді»

13

, – деп әмір етеді.

Айша (р.а.) анамыздан мынадай риуаят келген. Үмму

Хабиба мен Үмму Салама (р.а.) Хабаш елінде көрген бір

шіркеу жайын әңгімелей отырып, пайғамбарға ондағы

бейнеленген суреттер туралы айтты. Сонда пайғамбар

: «Расында олар араларында бір ізгі кісі қайтыс болса,

әлгінің қабіріне мешіт тұрғызып, ішіне суреттер салатын.

11

«Ниса» сүресі, 48-аят.

12

Мұхтасар тафсир Ибн Касир, І-том, Ниса сүресі, 48-аят, 486-бет.

13

«Зумар» сүресі, 65-аят.

9

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР