Ол – үлгі тұтар тұлға. Бір бойында қарапайымдылық
пен ұлылық, әділдік пен мейірімділік, шыншылдық пен
шынайылық, жұмсақтық пен ұяңдық керемет үйлесім
тапқан адамзаттың асылы. Ол һәм пайғамбар, һәм құл.
Кез келген адамға ғибрат. Ол ел тізгінін ұстаған текті
төреге де, қарапайым Құдайдың құлына да бағыт беруші.
Әке бала тәрбиесін, бауыр мейірімділікті, дос адалдықты
сол жаннан үйренеді.
Себебі, ол Жаратқанның сүйікті құлы, қамқор әке,
сенімді жар, адал дос. Ол елін әділ басқарған кемеңгер
басшы, үмбетін бақытқа жетелеуші пайғамбар.
4
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР