Previous Page  3 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 80 Next Page
Page Background

Соңғы өсиеттер

Б

ұл шағын кітапта Пайғамбарымыз Мұхаммедтің

ғибратты ғұмырының соңғы үш ай ішінде айтқан

маңызды да мәнді он шақты өсиетін назарларыңызға

ұсынылған. Бұл өсиеттерді ардақты пайғамбарымыз

қоштасу қажылығында, мешіт мінберіне соңғы рет

шыққанда және төсек тартып жатқанда айтқан. Аталған

өсиеттер – әрбір мүмін-мұсылманның өмірінен орын

алып, бойынан табылуы тиіс аса құндылығымен ерекше-

ленеді. Оны білу әрі амалға асыру – әрбірімізге міндет.

Өйткені, өсиет етуші – теңдессіз тұлға. Алла тағаланың

сүйікті құлы. Екі дүние сұлтаны. Пайғамбарлар сарда-

ры. Адамзаттың асылы. Қасиетті Құранда Алла тағала:

«Расында сендер үшiн, Алладан, ақырет күнiнен

үмiттенгендер мен Алланы еске алып тұратындарға

Расулуллада (Мұхаммед пайғамбарда) тамаша

өнегелер бар»

(«Ахзаб» сүресi, 21-аят), – деп адамзатқа

үлгі екендігін әмір етуде.

Пайғамбарды жақсы көру – кемел иманның көрінісі.

Сүннетін өмірлік салт ету – мұсылмандықтың белгісі.

3