детті болады. Ал, кімде-кім Алла тағалаға серік қосып
қайтыс болса, тозаққа түсуі міндетті болады», – деп жауап
берді»
4
.
Осы тақырыпқа қатысты Тахауи түсіндірмесінде:
«Оның серігі жоқ» – бұл серік қосудың барлық түрін
жоққа шығару. Өйткені, серік сөзі: барлық жағынан тең
дәрежелі деген мағынаны білдіреді. Бұл мәселе үш саты-
дан тұрады:
1. Алла тағаланың затына серік қоспау. Әлемнің жара-
тушысын дуалистер екеу: жақсылық пен жамандық
десе, табиғатшылар төртеу: ыстық пен суық,
ылғалдық пен құрғақтық, ал жұлдызшылар жетеу:
юпитер, сатурн, марс, шолпан, нептун, күн және ай
деп қарастырады;
2. Алла тағаланың атына серік қоспау. Арабтың
мүшріктері Алла тағаламен қоса пұттарға да
құлшылық етті. Олар Алла тағала Жаратушы екенін
мойындағанымен, пұттарды құдайлар деп атады
және соларға ғибадат етті;
3. Алла тағаланың көркем сипаттарын бұрмаламау.
Мужассима
5
ағымы «Алла тағаланың денесі бар,
аршыға адам секілді отырады» деп Жаратушы мен
пендені теңестірген. Осылайша серік қосушылар
қатарынан болуда.
Құран кәрім Жаратушыны осы секілді жайттардың
барлығынан пәктеп:
4
Мұхтасар тафсир Ибн Касир, І-том, «Ниса» сүресі, 48-аят, 487-бет.
5
Мужассима (Алла тағаланың денесі бар деуші ағым) екіге
бөлінеді. Бірі – Алла тағаланың басқа тіршілік иелері сияқты
денесі бар дейтіндер. Бұлар бірауыздан кәпір боп саналады.
Екіншісі – Алла тағаланың денесі бар, бірақ, өзге денелер тәрізді
емес деушілер.
7
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР