Бұл ғибадаттың діндегі ұлық орнын көрсететін жайт
ең мәртебелі құлшылық бола тұра намазды орындау үшін
өте қысқа уақыт және одан да аз күш-қайрат керек. Намаз
оқу үшін тек еркек кіндікті азамат болу, жұмыстан қолы
бос адам болу, оған қоса бай болу, денсаулығы мықты
болу және бойында күш-қайрат бар жас адам болуы керек
деген шарт жоқ. Намазды ер мен әйел, бай мен кедей, дені
сау мен науқас, жұмысы қауырт және қолы бос адам, жас
пен кәрі ешбір қиындықсыз қатар орындай алады.
Демек, намаз ешбір жағдайда мұсылманның мойны-
нан түспейді. Тек, мұсылманнан таклиф жауапкершілігі
түсумен ғана намаздан босатылады. Ал, таклиф жауап-
кершілігінен босатылу дегеніміз – адамның ақыл-есін
жоғалту жағдайы немесе әйелдің етеккір мен босанғаннан
кейінгі қан көру кезеңі.
Намазды науқастың немесе қарттың мүмкіншілік
жағдайына қарай орындау міндеттеледі. Мұхаммед
Мұстафа
сахаба Имран ибн Хусайнға:
صلِّ قائمًا, فإنْ لم تستطعْ فقاعدًا, فإنْ لم تستطعْ فعلى جنب
«Түрегеп тұрып оқы, шамаң келмесе, отырып оқы,
оған шамаң келмесе, жаныңа жантайып оқы», – деген
27
.
Сондай-ақ, қалыпты жағдайда да, қауіп-қатер төніп
тұрған кезде де мұсылман өзіне жеңіл әдіспен намаз оқуы
парыз. Құранда:
فَإِنْ خِفْتُمْ فَرِجَاالً أَوْ رُكْبَانًا
27
Бұхари.
17
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР