Previous Page  18 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 80 Next Page
Page Background

«Ал егер қауіп-қатерде болсаңдар, жаяу немесе

көлікте (бет алған жаққа ишарамен оқыңдар)...»

28

, –

деп айтылған.

Өкінішке орай, қазіргі таңда мұсылмандар бұл мін-

детіне немқұрайлы қарауда. Намазды тек дін адамы не-

месе тек өз бетінше ниет білдірген адам ғана оқиды деген

түсініктен арыла алмай жатырмыз.

Құран кәрімде:

إِنّ الصّالَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَوْقُوتًا

«...Шынмәнінде, намаз мүміндерге белгілі уақытта

парыз етілді»

29

, – делінген. Тәулігіне бес уақыт намаз оқу

әрбір мұсылманға міндет. Әр намаз белгіленген уақытта

оқылуы парыз. Намазды уақытынан бұрын немесе кейін

оқуға болмайды. Мұның өзіндік сыры бар. Адам ағзасы

күн бойына бірнеше рет тамақтануға тәуелді болғаны

сияқты жан-дүниесіне де азық қажет. Намаз оқуымыз

Аллаға емес, өзімізге қажет екенін ұмытпаған жөн. Де-

несін пәктеп дәрет алып, құбылаға қарап құлшылық ет-

кен пендені Алла тағала сол намазы арқылы күнәдан та-

зартады. Әбу Һурайра (р.а.):

أرأيتم لو أن نهرًا بباب أحدكم يغتسل منه كل يوم خمس مرات,

هل يبقى من درنه شيء؟ قالوا: لا يبقى من درنه شيء. قال:

فذلك مثل الصلوات الخمس يمحو الله بهنّ الخطايا.

«Алланың елшісі

: «Есіктеріңнің алдынан ағып

жатқан өзенге бес рет түсіп жуынсаңдар, бойларыңда

кір қалады ма?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Жоқ, кір

28

«Бақара» сүресі, 239-аят.

29

«Ниса» сүресі, 103-аят.

18

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР