қалмайды», – деді. Пайғамбар
: «Бес уақыт намаз да
солай, Алла тағала сол намаздармен қате-күнәларды жуа-
ды», – деген хадисті риуаят етеді
30
.
Намаз – дұға. Хәкім Абай қара сөзінде: «...Ей, ишарат-
тан хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені – намаз.
... Енді намаздың аты – салауат, салауат дұға мағынасында
деген...», – дейді. Шын мәнінде, намаз (салауат) сөзінің
түп-төркіні – дұға, тілек жасау болып табылады. Ал, Әбу
Һурайраның (р.а.):
أقربُ ما يكون العبد إلى الله و هو ساجد, فأكثروا الدعاء
«Пенденің Алла тағалаға ең жақын кезі сәжде
күйіндегі сәті. Тілек айтуды көбейтіңдер»
31
, – деген риуа-
яты соның айғағы.
Иә, пенде намаз оқып Раббысына жақындағандай
ешбір құлшылық арқылы осыншама жақын келе алмай-
ды. Мұсылмандар намаздың қадірін жете түсінсе, оны
жоғары деңгейде орындаса, жағдайларының түзелуіне
және тұрмыстарының жақсаруына себеп болар еді. Бұл
жайында Құранда:ِ
إِنّ الصّالَةَ تَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنْكَر
«...Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан
тыяды...»
32
, – дейді.
Қазіргі таңда кейбір намаз оқушылардың әрекетінен
құлшылықтың ешбір әсері байқалмайды. Мұның себебі
олар намаздың ішкі болмысы мен тақуалығын ескермей,
тек бос қимыл-әрекет етіп оқуында. Сондықтан намаз
30
Фиқһ Ханафи, І том, 125-бет (Мүслим 1/462).
31
Фиқһ Ханафи, І том, 124-бет (Мүслим 4/2172).
32
«Анкабут» сүресі, 45-аят.
19
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР