Бұл екі кітапта тура жол мен Алла нұры бар. Бұл
екі кітапты Алла тағаланың өзі түрлі бұрмалаудан
қорғайтынын Құранда:َ
إِنّا نَحْنُ نَزّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنّا لَهُ لَحَافِظُون
«Расында Құранды Біз түсірдік. Әрі шын мәнінде,
оны Біз қорғаушымыз»
41
, – деп айтқан.
Барлық күрделі сұрақтың, түйіні шешілмеген
мәселенің жауабы осы кітапта. Заман қалай құбылса
да, жер бетінің кез келген бұрышында жүре пайда
болған мәселенің шешімі Құранда. Бұл екі кітап біздің
өміріміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және
қоғамдық жақтарын түгел қамтыған.
Құранның мәртебесі
Құранды өзінің аяттарындағы айтылғаннан артық су-
реттеу және оған баға беру мүмкін емес. Құранда:
وَلَوْ أَنّ قُرْآَنًا سُيِّرَتْ بِهِ الْجِبَالُ أَوْ قُطِّعَتْ بِهِ الَْرْضُ أَوْ كُلِّمَ بِهِ
الْمَوْتَى
«Олар егер Құран арқылы таулар жүргізіліп,
жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де
сенбейді...»
42
.َ
وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآَنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِلْمُؤْمِنِين
«Құраннан мүміндерге шипа және рақым
түсіреміз...»
43
.
41
«Хыжыр» сүресі, 9-аят.
42
«Рағд» сүресі, 31-аят.
43
«Исра» сүресі, 82-аят.
25
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР