ِ
َلَوْ أَنْزَلْنَا هَذَا الْقُرْآَنَ عَلَى جَبَلٍ لَرَأَيْتَهُ خَاشِعًا مُتَصَدِّعًا مِنْ خَشْيَة
اهللِّ وَتِلْكَ الَْمْثَالُ نَضْرِبُهَا لِلنّاسِ لَعَلّهُمْ يَتَفَكّرُون
«(Мұхаммед
егер осы Құранды бір тауға
түсірсек, Алладан қорыққандығынан үрейленіп, быт-
шыт болғанын көрер едің. Бұл мысалдарды адам бала-
сы түсінсін деп келтіреміз»
44
.
Құран жайлы Әли ибн Әбу Талиб (р.а.): «Алла
тағаланың кітабында сендерден алдыңғылардыңжағдайы,
сендерден кейінгілердің хабары және өз араларыңдағы
жайттың үкімі бар. Құран жақсылық пен жамандықты
айырушы, ол әзіл сөз емес. Құранды ұстаған еш адаспас,
ғұламалар оған әсте тоймас, дінсіздерге жауап беруде
Құран дәрменсіздік етпес һәм Құранның ғажайыптары еш
таусылмас. Кімде-кім тәкаппарланып Құранды мойында-
майтын болса, Алла тағала оны жер бетінен жойып жі-
береді. Кімде-кім Құраннан басқа бір нәрсемен тура жол
іздесе, Құдай оны адастырады. Құран – Алла тағаланың
берік жолы, Құран дана сөз, Құран тура жол. Кімде-кім
оған амал етсе сауап табатын, онымен төрелік етсе әділдік
ететін және осыған шақырса тура жол табатын кітап», –
деген
45
.
Сүннеттің орны
Сүннет – шариғат сүйенетін екінші қайнар көз. Сүннет
Құранды түсіндіруші және Құранның жасырын аяттарын
айшықтаушы құрал.َ
وَأَنْزَلْنَا إِلَيْكَ الذِّكْرَ لِتُبَيِّنَ لِلنّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيْهِمْ وَلَعَلّهُمْ يَتَفَكّرُون
44
«Хашыр» сүресі, 21-аят
45
әл-Бидая уан Ниһая, 1-кітап, 7-бет.
26
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР