«Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жі-
бердік). Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян
етерсің деп, Құран түсірдік. Әрине олар түсінер»
46
.ِ
فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدّوهُ إِلَى اهللِّ وَالرّسُول
«...Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға,
пайғамбарға ұсыныңдар...»
47
. Бұл аятты Ибн Атия: «Бұл
Пайғамбар
көзі тірісінде өзінен сұрау, дүние салған соң
сүннетін ұстану», – деп тәпсірлеген.
Ал, Ибн Араби: «Біздің ғұламалар: «Талас-тартыстың
төрелігін Алла тағала кітабына беріңдер, одан табылмаса
Алла елшісінің
сүннетіне беріңдер», – деп айтқан.
Алла тағала:
وَمَا آَتَاكُمُ الرّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانْتَهُو
«...Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да, неме-
неден тыйса, одан тыйылыңдар...»
, – дейді
48
.
Алла елшісі
сахаба Муаз ибн Жәбәлді дін наси-
хаттау үшін Йемен еліне шығарып салып жатқан кезде
болған әңгімеде ол
: «Егер бір мәселеге тап болсаң,
қалай шешімін табасың?» – дейді.
Алла тағаланың Кітабымен төрелік етемін.
– Ал, жауабын Алла Кітабынан таппасаң ше?
– Алла елшісінің
сүннетімен төрелік етемін.
– Ал, Алла елшісі сүннетінен де, Алла Кітабынан да
таппасаң ше?
46
«Нахыл» сүресі, 44-аят.
47
«Ниса» сүресі, 59-аят.
48
«Хашыр» сүресі, 7-аят.
27
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР