– Ижтиһад етемін (ақылға саламын) және дұрыс
шешімін табу үшін күш-қайратымды жұмсаймын, – деп
жауап берді Муаз.
Сонда Пайғамбарымыз
оның кеудесіне қолын
қойып: «Алла елшісінің өкіліне тура жол көрсетіп, Өз ел-
шісі риза болатын жолға салған Аллаға мың да бір шүкір»,
– деген екен
49
.
Бір қарпі де өзгертілмеген кітап
АллатағалаҚұрандықорғауғаөзі кепілболатындығын
кітабында:َ
إِنّا نَحْنُ نَزّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنّا لَهُ لَحَافِظُون
«Расында Құранды Біз түсірдік. Әрі шын мәнінде,
оны Біз қорғаушымыз»
50
, – деп баян етуде.
Бұның айқын көрінісі Әбу Бәкір Сыддық (р.а.)
жүрегіне Құранды мусхаф етіп жинақтауды салуы. Хали-
фа Әбу Бәкір (р.а.) бұйрығымен иленген тері мен жалпақ
сүйекке жазылған аяттарды, сонымен қатар Құранды
жатқа білетін бейқисап қари-сахабаларға сүйене отырып,
арнайы иленген тері кітапқа жазылды. Бұл жауапты әрі
сауапты міндет Зайд ибн Сабит (р.а.) бастаған сахабаларға
тапсырылды.
Алла елшісі
дүниеден озғанына он сегіз жыл
өткенде, Құран екінші рет қайта жазылды. Әуелгі жазы-
луы Құрайыш қолданатын жеті қырағат (диалект) болса,
бұл жолы тек Құрайыш руының қырағатымен жазылып
шықты. Бұл игі істі үшінші халифа Осман ибн Аффан
49
Әбу Дәуіт.
50
«Хижр» сүресі, 9-аят.
28
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР