4. Әрқашан қолдау білдіріп, қасиеттерін айта жүру;
5. Әулеттің жамандарына насихат айтып, мейірімділік
білдіре отырып, оларды пайғамбар әулеті деген
лайықты жолға үндеу.
Пайғамбарымызға
көкесі Аббас Құрайыш руының
кейбірі Һашим әулетіне дөрекілік жасайтындығын шағым
етеді. Сонда Алла елшісі
: «Шыбын жанымды уысында
ұстаған құдіретпен ант етемін, сіздерді Алла разылығы
үшін және маған туысқан болғандарыңыз үшін жақсы
көрмейінше кәміл иманды болмайды», – деген
60
.
Имам Әбу Жағфар Тахауи (р.а.) ақида кітабында:
و مَنْ أحسن القول في أصحاب رسول الله و أزواجه الطاهرات
مِن كلّ دنسٍ, و ذرياته المقدسين من كلّ رجس, فقد برئ مِن
النفاق.
«Кімде-кім Алла елшісінің
серіктері (сахабалары),
пәк жұбайлары мен киелі ұрпағы жайлы ойы мен сөзі
өте көркем болса, ол екіжүзділіктен аман болмақ», – деп
айтқан.
Пайғамбарымыздың
отбасы
мен
сахабаларының ара-қатынасы
Әбу Бәкір Әлиге (р.а.): «Шыбын жанымды уысында
ұстаған құдіретпен ант етемін, өз туыстарыма жақсылық
жасаудан Алла елшісі
туыстарына жақсылық жасау
маған сүйіктірек», – деген
61
.
60
Ахмед, Мүснәд.
61
Бұхари.
34
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР