3. Жүректерінің көреалмаушылықтан таза бо-
луы. Олардың жеріне келіп, мекендеген жат
жерліктердің тұрмысы түзеліп, байығанына ешбір
көреалмаушылық көрсетпеді;
4. Жақсылыққа өздерінен бұрын басқаны лайық деп
білуі. Өздері сол жақсылыққа аса мұқтаж болып
тұрса да;
5. Жандарының сараңдықтан таза болуы.
Осы қасиеттерді бойына жиған әрбір адам достық пен
сүйіспеншілікке лайық. Ал, осындай адамдармен достық
және сүйіспеншілік қарым-қатынаста болу иманның бел-
гісі екені хақ. Пайғамбарымыз
да ансарлармен жақсы
қарым-қатынаста болуды өсиет етуі осы қасиеттері себеп-
ті екені даусыз.
Әнас ибн Мәлик (р.а.):
آية اليمان حبّ النصار و آية النفاق بغض النصار.
«Иманның белгісі – ансарларды жақсы көру, ал
екіжүзділік белгісі – ансарларды жеккөру», – деген ха-
дисті риуаят етеді
68
.
Бара ибн Азиб (р.а.):
النصار لا يحبّهم إلاّ مؤمن و لا يُبغِضهم إلاّ منافق, فمن أحبّهم
أحبّه الله و من أبغضهم أبغضه الله
«Ансарларды тек мүмін жақсы көреді, оларды тек
екіжүзді ғана жек көреді. Ансарларды жақсы көрген адам-
ды Алла тағала жақсы көреді, оларды жек көрген адамды
Алла тағала жек көреді»
69
, – деген пайғамбар сөзін жет-
кізген.
68
Бұхари, Муслим.
69
Бұхари, Муслим.
40
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР