Previous Page  45 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 80 Next Page
Page Background

ды. Діндегі жаңашылдықтан сақ болыңдар. Себебі ол

адастырушы. Сол шақта өмір сүретіндер менің және

тура жолдағы орынбасарларымның (халифаларымның)

сүннетіне берік болыңдар. Сол жолға (сүннетке) тістей

қатып жабысыңдар», – деді

78

.

Өсиеттен өнеге

Мұсылманның баласы,

Сірә, бір кеңес құрыңыз,

Бір ауызды болыңыз,

Қалған елді тастаңыз,

Бөтен елмен үйір боп,

іргеңізді қоспаңыз.

Бұқар жырау

Басшыға бағыну міндет. Жоғарыда айтылған ха-

дистерде анық көрініп тұрған жайт: басшылықтың

маңыздылығы, оныңасажауапкершілігіжәнебасшылыққа

бағыну қажеттілігі. Алла тағала Құран кәрімде:

ياأيها الذين آمنوا أطيعوا الله وأطيعوا الرسول وأولى المر منكم

«Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бойұсыныңдар,

Пайғамбарға бойұсыныңдар әрі өздеріңнен болған әмір

иелеріне де...»

79

, – деп басшыға бойұсынуды әмір еткен.

Аяттағы «Әмір иелеріне...» деген сөзді Әбу Һурайра,

Ибн Аббас, Ибн Зайд (р.а.) және бірқатар ғұламалар: «Бас-

шылар», – деп түсіндірген.

78

Ахмед, Абу Дәуіт, Тирмизи.

79

«Ниса» сүресі, 59-аят.

45

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР