сабыр етсін. Себебі, биліктен бір сүйем бөлініп шыққан
адам, жаһилиет өлімімен өледі», – деген
83
.
Құран жарлығы мен пайғамбар
әмірін орындау
әрбір мұсылманға міндет. Елдің ауызбірлігі басшыға
бағынудан және заңды қалтқысыз орындаудан басталады.
Ал, бассыздық жасап, ел арасына бүлік салу мемлекет не-
гізін шайқалтады. Тіпті, мемлекеттің болашағына үлкен
қауіп төндірері даусыз.
Басшыға бағынбау
Әрине, басшыға бойұсыну шариғат шеңберінде,
дін аясында болмақ. Басшы дін қағидасына сай және
Құран мен хадиске қарсы келмейтін бұйрық берсе, оның
бұйрығына бойұсыну және орындалуы міндетті. Сондай-
ақ, Құран мен сүннетке сүйене отырып, өз бұйрығын бер-
се орындалуы тиіс.
Ал, егер Құран мен хадиске қайшы келетін бір бұйрық
берілсе, ондай бұйрыққа бағынуға болмайды. Алла ел-
шісі
:
لا طاعة لمخلوق في معصية الخالق
«Алла тағалаға қарсы күнә болатын істе пендеге
бойұсынушылық жоқ», – десе, тағы бір хадисте:
فإذا أُمرت بمعصية فلا سمعَ ولا طاعةَ.
«Егер саған бір күнә іске бұйрық берілсе, ондайға
құлақ асу және бойұсыну жоқ», – деп ескерткен. Мәселен,
арақ-шарап ішуге, намазды тәрк етуге бұйырса, мұсылман
адам мұндай бұйрық түрлерін ешуақытта орындамауы
керек. Керісінше, мұндай жағдайға тап болған адам Алла
83
Муттафақун алейһи.
48
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР