тағалаға бойұсыну сияқты парыз деп білеміз. Оларға
игілік пен амандық сұрап дұға жасаймыз», – деген. Бұл
әһли сунна уал жамағат ақидасының ұстанымы. Ал, ақида
Құран және хадистен алынған тұжырымдама.
Әли ибн Әбу Талиб (р.а.): «Халыққа ізгі немесе
қатал бір басшы керек. Онсыз болмайды. Егер басшы
қатал болса, мұсылмандар оның заманында Раббысына
құлшылық жасайды да, қатал басшының билік уақыты
бітуі күтіледі»
84
, – деп қатал басшының да елге тигізер
тұсын ескерткен.
Әбу Харис әс-Саиғ әңгімелейді: «Бағдадта болған
оқиғада жұрт көтеріліс жасамақ болды. Мен Ахмед ибн
Ханбалдан соның мән-жайын сұрап: «Уа, Әбу Абдулла!
Олардың көтерілісі жайлы не айтасыз?» – дедім. Ахмед
ибн Ханбал: «Халықтың бұл әрекетін айыптап: «Сүбхана
Аллаһ! Қантөгіс, қантөгіс. Бұны мен құп көрмеймін. Бұған
елді мен үндемеймін. Фитнадан (бүліктен) біздің қазіргі
жағдайымызға сабыр еткеніміз абзал. Бүлік болса қан
төгіледі, елдің мал-дүниесі талан-таражға түседі, қастерлі
нәрселер аяқасты болады. Адамдар бүлік күндері қандай
күйге түскенін білмейсің бе?!» – деді. Мен: «Адамдар
бүгін бүлікте емес», – дедім. Ахмед: «Олай болмаса да, бұл
бүлік. Егер қылыш қынынан шықса, бүлік елді тұтастай
жайлайды. Қазіргі күнге сабыр етіп, дінің аман қалуы
барлығынан да осы саған қайырлы», – деп жауап берді.
84
Табари, тафсир.
50
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР