أللهمّ إني أُحبّهما فأحبّهما
«Аллам, мен мына екеуін жақсы көремін, Сен де ол
екеуін жақсы көр», – деп дұға ететін»
57
.
Ал, Құранда:ْ
النّبِيّ أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنْفُسِهِمْ وَأَزْوَاجُهُ أُمّهَاتُهُم
«Пайғамбар – мүміндерге өздерінен артық.
Жұбайлары олардың аналары...»
58
, – деп әмір етілген.
Бұл пайғамбар
отбасының дәрежесі жайлы
айтылған деректердің бір бөлігі ғана.
Пайғамбар
отбасына қатысты мұсылман
әдебі
Пайғамбар отбасын жақсы көру, оларға құрмет
көрсету шариғи парыз. Бұл жөнінде пайғамбарымыз
:
«...Және менің отбасым. Менің отбасыма қатысты Алла
тағалаға тақуалық етіңдер, менің отбасыма қатысты Алла
тағалаға тақуалық етіңдер, менің отбасыма қатысты Алла
тағалаға тақуалық етіңдер»
59
, – деп өсиет қылған. Оларды
жақсы көру – пайғамбарымызды
жақсы көрудің айғағы.
Пайғамбар әулетін құрмет етіп, жақсы көру дегеніміз:
1. Олармен лайықты дәрежеде қарым-қатынас жасау;
2. Алла елшісіне
дұға жасағанда оларды қоса айту.
Мәселен, намаздағы салауат дұғалары соның бір
көрінісі;
3. Ол әулеттің ізгілеріне достық танытып, жолдас болу,
жақсылық жасап, олар жайлы тек жақсы ойда болу;
57
Бұхари, фадаил сахаба, зикр усама, 3735.
58
«Ахзаб» сүресі, 6-аят.
59
Мүслим.
33
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР