Previous Page  20 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 80 Next Page
Page Background

олардың бойын түземей әрі жақсылық дәнін екпей жатыр.

Намаз оқып, құлшылықтың шынайы дәмін сезіну үшін

бірқатар жайттарға мән беру қажет.

Намаздың ішкі әдептері:

1. Шын ықыласпен, Алла тағала разылығын ниет етіп

оқу. Кез келген құлшылықты, оның ішінде намазды,

біреуге көрсету үшін жасау көзбояушылық. Ал,

көзбояушылық – екіжүзділіктің белгісі;

2. Намазды ынтамен және шаттықпен оқу. Өйткені,

намаз оқуда жалқаулық ету немесе оны ауырсыну –

екіжүздінің белгісі;

3. Намазға алдын-ала дайындалу:

• жақсы киім кию. Көшеде киіп жүруге ыңғайсыз

киіммен намаз оқу мәкрух;

• ақыл-ой тазалығы. Намаз үстінде ойды бұзатын

жайттардың алдын алу;

• жамағатпен оқу. Ер кісілердің мейлінше жамағатпен

оқуға тырысуы бекітілген сүннет. Жеке оқығаннан

жамағатпен оқыған намаздың сауабы жиырма жеті

есе артық. Ал, әйелдердің үйде оқығаны көбірек са-

уап;

4. Намаздың сүннет амалдарын мұқият һәм ынталана

орындау.

5. Намазды жалбарынып (хушуғпен) оқу.

Намаз оқушы жан-дүниесі Алла тағалаға аян екенін

ұғынуы намаздың түйіні.

Алла тағала Құранда былай делінген:

قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ. الّذِينَ هُمْ فِي صَالَتِهِمْ خَاشِعُونَ.

«Шынында иман келтіргендер құтылды. Ол

мүміндер намаздарында іштей жалбарынады...»

33

33

«Мүминун» сүресі, 1-2-аяттары.

20

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР