Иә, мұсылман адам әке-шешесі кәпір болса да, оларға
жақсылық жасауға міндетті. Құранда:
وَإِنْ جَاهَدَاكَ عَلى أَنْ تُشْرِكَ بِي مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ فَالَ تُطِعْهُمَا
وَصَاحِبْهُمَا فِي الدّنْيَا مَعْرُوفًا وَاتّبِعْ سَبِيلَ مَنْ أَنَابَ إِلَيّ ثُمّ إِلَيّ
مَرْجِعُكُمْ فَأُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
«Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға
қинаса, оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жол-
дас бол да, Маған құштар адамдардың жолына түс. Со-
сын барар орындарың Мен жақ. Сонда істеген істеріңді
баян етемін»
102
, – деп бұйрық берілуде.
Асыл дінімізде әке-шешеге, оның ішінде әсіресе анаға
құрмет ерекше. Әкеге бір жақсылық жасалса, анаға үш
жақсылық етуге үндейді. Бір кісі: «Уа, Расулалла! Менің
жақсылығыма адамдар ішінде ең лайықтысы кім?» – деп
сұрады. Ол кісі: «Анаң», – деді. Сұраушы: «Сосын кім?»
– деді. Ол кісі: «Анаң», – деді. «Сосын кім?» – деді. Тағы
да: «Анаң», – деді. «Сосын кім?» – деп сұрады әлгі кісі.
Пайғамбар
: «Әкең», – деді
103
.
Міне, ананың ақысы дінімізде әке ақысынан үш есе
көп. Бұл да болса анаға және жалпы әйел затына деген
қамқорлық.
Ал, енді жақсылық жасамай, керісінше ата-анасын
ренжітсе, бұл дінімізде ең үлкен күнә. Әбу Бәкра (р.а.)
риуаят еткен хадисте Алла елшісі
: «Сендерге ең үлкен
күнәларды айтайын ба?» – деп үш рет сұрайды. Саха-
балар: «Иә, айтыңыз», – дейді. Пайғамбар
: «Алла
тағалаға серік қосу және ата-ананы ренжіту», – деді. Со-
сын шынтақтап жатқан жерінен түрегеп отырып: «Және
102
«Лұқман» сүресі, 15-аят.
103
Бұхари мен Мүслим.
60
СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР