Previous Page  61 / 80 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 80 Next Page
Page Background

жалған куәлік ету», – деп қайта-қайта айтумен болды. Біз

тіпті: «Енді тоқтаса болар еді», – деп ойладық», – делін-

ген

104

.

Әйел – адал некемен өзі келісімін берген ер азаматтың

жары болады. Осыдан кейін жұбайылық өмірі бастала-

ды. Құран кәрімде ерлі-зайыптылар өмірінің ең негізгі

мақсаты бір-бірінен тыныштық табу және шаңырағын

мейірімділік пен сүйіспеншілік мекеніне айналды-

ру екендігін айтады. Алла тағала:

«Сендерге, оған

тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар

жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пай-

да қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осы-

ларда ойлаған елге белгілер бар»

105

, – дейді.

Ер азаматтың әйеліне дұрыс қарауы, оның жақсы адам

екендігінің айғағы ретінде бағаланады. Бұл жөнінде:

أكمل المؤمنين إيمانا أحسنهم خلقًا, و خياركم خياركم لنسائهم

«Иманы кәміл мұсылмандар ең көркем мінезділері, ал

сендердің ең жақсыларың әйеліне жақсы болғаны», – де-

ген пайғамбар сөзі бар

106

.

Және Айша (р.а.) анамыз риуаят етеді:

خيركم خيركم لهله, و أنا خيركم لهلي

«Сендердің ең жақсыларың әйеліне жақсы қарағаны,

сендердің ішіңде әйеліне ең жақсы қарайтыны менмін»,

– деп әйел баласына қамқорлық етуде өзінен үлгі алуға

үндеуде

107

.

104

Муттафақун алейһи.

105

«Рум» сүресі, 21-аят.

106

Тирмизи.

107

Тирмизи.

61

СОҢҒЫ ӨСИЕТТЕР