344
Пайғамбарлар тарихы
лармен күрестің қаншалықты ымырасыздығын пайым-
датады. Өзін кінәлаған көпшілікке қасқая қарап тұрып
оның «Кім жасағанын әнебір үлкенінен сұрап көріңдер»
деуі қаншалықты қисынды, адамды еріксіз ойлантатын
сөз. Алайда көзге шұқып көрсеткен ақиқаттың өзін
халық көрмей, пайғамбардың өзіне қайта тап береді.
Қарап отырсақ, пайғамбар келмеген қоғам,
пайғамбар есімі жетпеген жер, заман жоқ екен. Демек,
барлық адам баласына тарихтың қай кезеңінде болма-
сын бір пайғамбардың келгені хақ. Ал оған бағынып-
бағынбау әркімнің ішкі иманы мен арына табысталған.
Асылында Аллаһтың мейірімі түсіп, пайғамбарлар
барша қауымға төгілген нұр, ізгіліктің жаршы-
сы болып келмегенде не болар еді? Шынтуайтын-
да, мейірім, шапағатсыз, нұрсыз адам жаны рахатқа
бөлене ала ма? Бөлене алмайды әрі қараңғы қауым
қараңғылықтың түнегін өз бетінше жарып шыға алмас
еді. Жұмырбастыларды жаратып, оларды жалғыз
қалдырмай, оларға өзінің сүйікті құлдарын елші етіп
жіберіп отыруы бұл да болса Рахманның рахымы деп
топшылаймыз.
Пайғамбарлар жіберілмегенде, мына жаратылыс-
тың, ондағы адамзаттың, жүректегі ізгілікке деген
құштарлықтың құны бес-ақ тиын болар еді. Ал Аллаһ
алдындағы шынайы махаббат пен адамзат алдындағы
үлкен жауапкершілікті арқалап келген пайғамбарларға
иман ету – ақыл құптарлық іс. Өйткені бұндай дара
тұлғалардың Аллаһ алдындағы абыройын сыйламау
әркімнің жеке басының ғана өкінішіне алып келері бел-
гілі.
Адамзаттың ардақтылары болған пайғамбарлардың
өмірінен сыр шертіп, жекелеген кезеңдері, тұрмыс-