Previous Page  339 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 339 / 352 Next Page
Page Background

339

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

бірге Мені кешіріп, рақымыңа бөлей гөр! Мені Өзіңе

қабылдай гөр! Иә, Аллаһ тағалам, мен Сенің ұлы

достығыңды қалаймын! Ұлы достығыңды қалаймын!

Ұлы достығыңды қалаймын!»

424

63 жыл бұрын дүйсенбі күні дүние есігін ашқан

ғазиз жан дәл сол дүйсенбіде ғұмырлық сапарын

аяқтады. Жиырма үш жылдық пайғамбарлығында

ол бүкіл адамзаттың қиямет-қайымға дейінгі өмірін

бақытқа бөлейтін өмір сүрудің саф әрі мінсіз үлгісін

қалдырды.

Қорыта келгенде, Адамзаттың асылы ардақты

елшінің (с.а.с.) өмірі қай қырынан алып қарасақ та,

махаббат пен сүйіспеншілікке, ақыл мен парасатқа,

теңдессіз тағылым мен ғибратқа, пайғамбарлық үлгі-

өнегеге толы екенін көреміз. Пайғамбарлық міндетті

атқару барысындағы ерекше төзімділігі, сабырлылығы,

кешірімділігі, сезімталдығы, тақуалығы, кіршіксіз

тазалығы, көркем мінез құлқы, т.б. өз алдына, ол керек

кезінде сөз бастаған шешен, қол бастаған көсем, мықты

стратег, мейірімді жар, мейірбан әке, адал дос, үмбетке

жолбастаушы бола білді. Небәрі жиырма үшжыл ішінде

Араб түбегін тұтастай ширктен, пұттардан тазартып,

шынайы тәухид дінінің негізін қалады. Саңлақ саха-

баларын ізгілікке тәрбиелеп, күллі адамзатқа ұстаздық

жасайтын кәміл тұлғалар жетілдірді.

Құраннан қуат алып кіршіксіз тақуа ғұмыр кешкен

адамзаттың асылы Пайғамбарымыз соңына дүниелік

мирас қалдырмағанымен ақырзаманға дейін күллі адам-

затты бақытқа жетелейтін мол рухани мұра қалдырды.

Ол – ұлы Ислам діні. Бұны өсиеттерінің бірінде «Сіз-

424

Р. Хайламаз. Гөнүл тахтымызын ешсиз султаны Ефендимиз.

2 т. 648-654 бб.