335
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
болса «Али Имран» сүресін бастады. «Али Имран»
сүресін аяқтағаннан кейін рукуға баратын шығар деп
күтіп едім, ол «Ниса» сүресімен жалғастырды. «Ниса»
сүресі біткенде рукуға баратын шығар деп күтіп едім,
ол «Маида» сүресін оқи бастады. Осы сәт менің ойыма
жаман ой келді. Қасындағылар «Не ойладыңыз?» деп
сұрағанда, «Намазымды осы жерден үзсем бе екен»
деген ой келді» деген»
421
.
Иә, Аллаһ елшісінің тақуалығы өте терең еді. Мына
бір үзіндіде де оның болмысы жақсы суреттелген:
«Жазу-сызу білмесе де Екі жиһан сардарының
айтқан сөздері ешкім бұрын-соңды естіп-көрмеген ілім
мен даналыққа тұнып тұрды. Ол ғайып әлемі, діннің өте
терең мәселелері, мемлекеттер мен патшалықтардың
күйреу себептері жайында сөз қозғап, әдептілік
пен адамгершілік принциптері арқылы мызғымас
мәдениеттің негізін қалады. Мәдениет, экономикалық
құрылымдар, мемлекеттік басқару жүйесі мен
халықаралық қатынастар саласында да жүйелі істер
атқарды.
Ол жас кезінде бір-ақ рет ұрыста көрген адам соғыс
тәжірибесі жоқ бола тұра пайғамбар болғаннан кейін
жау жағадан алған шешуші сағаттарда өмірі шегініп
көрмеген қолбасшыға айналды. Сахабаларына үйреткен
әскери тәлім-тәрбиесінің арқасында мұсылмандар аз
жылдың ішінде сол кезеңде дүркіреп тұрған екі алып
мемлекетті тізе бүктірді.
Қырық жасына дейін қандай да бір саяси
оқиғаларға араласпаған Ардақты елші бірден бұл
салада мықты саясаткер һәм кемеңгер басшыға айнал-
ды. Қазіргідей хабарласу мүмкіндігі жоқ кездің өзінде
421
Бухари, Тәхажжуд, 9.