332
Пайғамбарлар тарихы
Аллаһ жалғыз, бәріміз Адам атаның ұрпағымыз,
ал Адам топырақтан жаратылған. Аллаһ назарында
құрметке лайық жан – Одан ең көп қорқатын адам.
Арабтың басқа ұлт, өзге нәсілдіен артықшылдығы
жоқ. Адамдардың бір-бірінен артықшылығы тек
тақуалығында.
Уа, жамағат! Мен сендерге дінді жеткізе алдым
ба?
Барша жиналғандар бірауыздан: «Сен Аллаһтың
елшісісің, бізге өсиет-насихат айттың, міндетіңді адал
атқарғандығыңа куәміз», – деді.
Пайғамбарымыз оң қолының мүбәрак сұқ саусағын
көтеріп:
«Куә бол, уа, Раббым! Куә бол, уа, Раббым! Куә
бол, уа, Раббым!»
416
.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Арафаттағы кезінде
الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ
الِسْلاَمَ دِيناً
«Міне, бүгін дініңізді толықтырдым. Нығметімді
тәмамдап, сізге дін ретінде Исламды таңдап қабыл
еттім»
417
деген аят түсті.
Қажылық рәсімі біткен соң Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Мәдинаға оралады.
Оның түр-тұлғасы қандай еді?
Ислам
тарихындағы
жоғарыдағыдай
әрбір
оқиғаның алғышарттары, барысы, нәтижесі толық
көрсетілгеніндей, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түр-
416
Д.Өмірзаққызы, Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.с.)
пайғамбардың өмірі, Алматы, 2003ж. II. 329-330 беттер
417
«Маида» сүресі, 3