327
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
мұсылмандар ал дегенде абдырап не істерлерін білмей
қалады. Тіпті саптың реті бұзылып, бетбетімен бас
сауғалап қаша бастайды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
күйінішінде шек болмады, жауға жалғыз өзі атой
салады. «Менің Әбдімүтәліптің немересі екенімде
титтей де жалған жоқ, хақ нәби екендігім өтірік емес»
деп ұрандайды. Хазірет Аббас пайғамбарымыздың
қасынан табылып, «Әй, Ақабада серт берген ансар, бері
келіңдер! Әй, Рыдуан ағашының саясында серт берген
мұһажырлар, қайтыңдар! Пайғамбарымыз мына жақта,
сендер қайда бара жатырсыңдар?!» деп зор даусымен
дауыстайды ес жиып, күш алуына себеп болады. Оның
бұл сөздері мұсылман әскерінің тауықтың жеміндей
шашылған мұсылман қолыАллаһ елшісінің айналасына
топталып, дұшпанға қасқая қарсы шығады. Нәтижеде
Аллаһтың көмегімен дұшпан әскері бұл тегеурінді
екпінге шыдай алмай кері шегінеді.
Бұл соғыста мұсылмандарға Аллаһтың қалай
көмектескендігі «Тәуба» сүресінде былай деп білдіріл-
ген:
لَقَدْ نَصَرَكُمُ اللُّ فِي مَوَاطِنَ كَثِيرَةٍ وَيَوْمَ حُنَيْنٍ إِذْ أَعْجَبَتْكُمْ كَثْرَتُكُمْ فَلَمْ
تُغْنِ عَنكُمْ شَيْئاً وَضَاقَتْ عَلَيْكُمُ الَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ ثُمّ وَلّيْتُم مّدْبِرِينَ
{52} ثُمّ أَنَزلَ اللُّ سَكِينَتَهُ عَلَى رَسُولِهِ وَعَلَى الْمُؤْمِنِينَ وَأَنزَلَ جُنُوداً
لّمْ تَرَوْهَا وَعذّبَ الّذِينَ كَفَرُواْ وَذَلِكَ جَزَاء الْكَافِرِينَ {62} ثُمّ يَتُوبُ
اللُّ مِن بَعْدِ ذَلِكَ عَلَى مَن يَشَاءُ وَاللُّ غَفُورٌ رّحِيمٌ {72}
«Күмәнсіз, Аллаһ сендерге көптеген соғыс май-
дандарында көмектесті, Хүнәйнде де. Сол күні
сандарыңның көптігіне масайрап едіңдер, бірақ оның
сендерге пайдасы тимеді.