325
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
мойындатып: «Мен Жүсіптің өз бауырларына айтқа-
нын ғана қайталамақпын: Бүгін сендерге жазғырып жа-
заламаймын. Ешкімнен де кек алмаймын!» деді.
Күні кешеге дейін дұшпандықта тым шектен
шыққан мүшріктер мұншалықты кешірімділікке қайран
қалды.
Пайғамбарымыздың бұйрығы бойынша Қағба ішін-
дегі және сыртындағы барлық пұттардан тазартылды.
Артынша Біләлге (р.а.) азан шақыруды бұйырды. Біләл
(р.а.) Қағбаның үстіне өрмелеп шығып азан шақырды.
Пайғамбарымыз әуелі ер кісілерден, содан кейін
әйелдерден Ислам шарттарына мойынсұнғандары
жөнінде серт алды.ОсылайшаМеккедемұсылмандықты
қабылдамаған бірде бір мүшрік қалмады.
Мұсылмандықты жаңа қабылдағандар Сафа жо-
тасында отырған Пайғамбарымызға серт берде баста-
ды. Әбу Бәкір де (р.а.) көзі көрмей қалған қарт әкесін
ертіп келді. Оны көргенде кішіпейілдікте алдына жан
салмаған Аллаһ елшісі: – Әй, Әбу Бәкір, қарт кісіні неге
әуреледің? Біз өзіміз-ақ ол кісінің алдына барар едік
қой, – деді. Әбу Кухафа сол жерде тілін кәлимаға кел-
тіріп, мұсылман болды.
Аллаһтың қалауы әрі сүйікті Пайғамбарымыз-
дың (с.а.с.) ерекше парасаттылығы мен фәтанатының
арқасында азулы Мекке мүшріктері біртіндеп мұсыл-
мандықты қабылдады.
Икрима алғашқыда Йеменге қашқан еді. Алайда
мұсылмандықты қабылдаған әйелі Үммі Хаким басын
сауғалап елден жырақ кеткен Икриманы тауып алып:
«Мен ең абзал адамның қасынан келе жатырмын.
Аллаһ елшісі сені кешірді» деген сүйінші хабар айтады.
Икримажүрексінсе де әйеліне еріп, Пайғамбарымыздың