Previous Page  323 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 323 / 352 Next Page
Page Background

323

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

мүлдем басқаша екеніне көз жеткізеді. Мәдина халқы

жағдайдан толық хабардар еді. Тіпті ешкім де Әбу

Суфиянды елеген жоқ. Керек десеңіз, Пайғамбардың

жұбайы өз қызы Үммү Хабиба да әкесін жақтыртпады.

Артынша мешітке де соқты. Ол жерде де ойлағанындай

болмады. Содан кейін ол хазірет Әли мен хазірет Ай-

шадан (р.а.) қолдау күтті. Бірақ мұнысы да сәтсіз

аяқталды. Тіпті төрт жасар Хасан мен Хұсейн де қасына

жақындамады.

Меккеге оралғанда басынан кешкен жағдайды

айтып қанша ақталса да Меккеліктер оның түк тындыра

алмағандығын айтып жазғырды. Өйткені Әбу Суфиян

Мәдинада ешкімнен қолдау көрмеген соң хазірет

Әлиден (р.а.) кеңес сұраған болатын. Оған Әли былай

деп жауап береді: «Сен құрайыштардың көсемісің.

Мешіттің алдында тұрып екі жақтың атынан келісімді

қайта жаңғырттым деп халыққа дауыста. Басқалай

саған берер кеңесім жоқ».

Әбу Суфиян мешіттің алдында Әлидің (р.а.) кеңесі

бойынша әрекет етуін еткенімен, бұны да көзге ілген

жан болмады. Меккеліктерді ашса алақанында, жұмса

жұдырығында ұстаған Әбу Суфиян, өкінішке орай,

Мәдинада ешкімге сөзін өткізе алмады.

Хузаа тайпасы шабуылға ұшыраған соң Әбу

Суфиянның уақыт оздырмай Мәдинаға баруы

мұсылмандардың бұл уақытта айтарлықтай күшейгенін

көрсетеді.

Хузаа тайпасына көмектесуге уәде берген

Пайғамбарымыз (с.а.с) Әбу Суфиян кеткен соң, үлкен

қол жинайды. Бұл хижраның сегізінші жылындарында

алған оқиға. Нәтижесінде мұсылмандардың саны он

мың адамға жетіп жығылды.