Previous Page  321 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 321 / 352 Next Page
Page Background

321

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

Меккеліктер Пайғамбарымыздың келе жатқанын

естіп, келісім бойынша қаланы босатады. Мұсылмандар

Қағбаны тауап етеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы кезде

Халид ибн Уәлидке мұсылмандыққа шақырып елші жі-

берді. Елші Халидті үйінен таба алмай, хатты қалдырып

кетеді.

Үш күннен кейін мұсылмандар Мәдинаға кері ора-

лады. Халид ибн Уәлид, Осман ибн Талха және Амр

ибн Ас Мәдинада Пайғамбарымызға арнайы келіп

мұсылмандықты қабылдайды.

Мута шайқасы

630 жылы Аллаһ елшісі Бусраға (қазіргі Хауран

аймағы) Исламды уағыздайтын елші жібереді.

Мұсылмандар көп ұзамай ол елшінің айуандықпен

өлтірілгендігін естиді. Қатты қапаланған Аллаһ елшісі

жорыққа шығуды ұйғарады. Аллаһ елшісі (с.а.с.):

«Егер майданда Зәйд шейіт болса, байрақты Жағфар

ибн Әбу Тәліп алсын! Ол да шейіт болса, Абдуллаһ

ибн Рауаха (р.а.) қол бастасын! Абдуллаһ әлдеқандай

жағдайға ұшыраса, онда өздерің ақылдасып басшы

тағайындаңдар!» деп бұйырады.

Мұсылмандар үш мың әскермен жолға шығады.

Мута елді мекеніне жеткенде мүшріктердің жүз мың

әскермен келе жатқандығын естиді. Екі жақтың күші

тең емес еді. Өйткені әрбір мұсылман өздерінен күші

әлдеқайда басым жау жағынан отыз үш адамға төтеп

беруі тиіс болатын.

Мұсылмандар тәуекелге бел буып шайқасқа кірі-

седіде. Шайқас барысында Пайғамбарымыз айтқандай,

Зәйд, Жағфар және Абдуллаһ ибн Рауаха (р.а.) бірінен

кейін бірі қатарынаншейіт болады. Сахабалар байрақты