326
Пайғамбарлар тарихы
алдында Исламды қабылдады. Аллаһ елшісі уәде бер-
геніндей Икриманы жылы қарсы алып, оның сол күнге
дейінгі жасаған барлық дұшпандықтарын кешірді.
Аллаһ елшісі қаскөй мүшріктердің қатарында
мұсылмандықты қабылдаған Сафуан ибн Үмайяны,
Абдуллаһ ибн Зәбариды, тіпті Уахши мен Хиндті де
кешірді. Хинд кезінде Ухуд соғысында хазірет Хамза-
ны (р.а.) өлтірткен әрі қарнын жарып, мұрнын, құлағын
кесіп өзіне алқа ғып таққан Аллаһ елшісіне қаны қас
мүшрік әйел еді.
Ал, Әсуад ибн Хаббар кезінде Меккеден Мәдинаға
хижрет етіп жолға шыққан аяғы ауыр Аллаһ елшісінің
қызы Зейнепті түйеден құлатып, Зейнептің өліміне се-
бепкер болған адам еді. Аллаһ елшісі оны да кешірді.
Рақым пайғамбарының кең кешірімінен ешбірі
кенде қалмады.
Мекке алынғаннан кейін алыс-жақын аймақтардан
тайпалар топ-тобымен, Ислам дінін қабылдап жатты.
Хүнәйн соғысы
630 жылы Таиф мүшріктері мен арабтардың ең
іргелі Хазайын секілді тайпалары мұсылмандармен
шайқасуды көздеп Хунайн деген жерге жиналады.
Мақсаты өздеріндегі пұттардың қиратылуына жол
бермеу, лажы келсе, Мекке қаласын қайта тартып
алу еді. Жау әскері жиырма мыңнан асып жығылады,
ал мұсылмандардың саны он екі мыңның ар жақ, бер
жағында ғана болатын.
Таудың тар қанатына бекінген жау әскерінің әккі
айласын мұсылмандар кешірек барып аңғарды. Сол
себепті шайқас басталмай жатып тұстұстан жауып
кеткен оқтан, екі қапталдан қыспаққа алған жаудан