328
Пайғамбарлар тарихы
Қанша кең болса да әлем сендерге тарылғандай күй
кештіңдер. Артынша-
ақ бытырап, жауды тастап
бет
беттеріңе қаша бастадыңдар.
Іле Аллаһ расулына және мүминдерге сенімділік
беріп, сендер көре алмайтын әскерлер жіберіп,
кәпірлерді азапқа ұшыратты. Міне, кәпірлердің
жазасы осындай.
Одан кейін бұл соғыстың соңын ала Аллаһ олардың
өздері қалаған (құлдарына) күпірліктен қайтуды нәсіп
етті. Өйткені Аллаһ өте кешірімді әрі рақымды»
413
Хунайн соғысында мұсылмандардың қолына 22
түйе, 40 мың қой, 4 мың оққа күміс, 6 мың тұтқын
олжа түсті
414
. Аллаһ елшісі бұл түскен олжадан жаңа
мұсылман болғандарға молынан таратып осылайша
олардың көңілін аулап, Исламға оң көзбен қарауына
жақындай түсуіне жағдай жасады.
Мұсылмандар ат белін суыипай іле-шала Таиф
қамалына да шабуыл жасаған еді. Бірақ қамалды ала
алмады.
Тәбук жорығы
Шам мен Мәдина арасындағы өңір Тәбук деп ата-
лады. Бұл Иран мен Византия арасындағы соғыстың
Византияның жеңісімен аяқталған кез еді. Басқа мем-
лекеттерді көзге іле бермейтін Византиялықтар осынау
жеңістің буыменмұсылмандарға қарсыжорыққа дайын-
далады. Бұл хабарды естіген Пайғамбарымыз (с.а.с.)
отызмыңдыққолжасақтады.Аллаһелшісі(с.а.с.)әскерді
жарақтандыру үшін былайғы жұрттан көмек сұрағанда,
413
«Тәуба» сүресі, 25-28 – аяттар
414
Осман Кескіоғлу, Али Химмет Берки, Хазрети Мухаммед ве
хаяты. 383 б.